Kazakhstan Garysh Sapary
Kazakhstan Garysh Sapary
About

«Казкосмос» Ұлттық компаниясы» жарғы капиталында 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен 2005 жылы 17 наурызда құрылды. 2007 жылы 2 тамызда компания «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы болып өзгертілді.

 

Тапсырыс тартуды, оларды өнімдік бағыттар мен функциялар бойынша құрылған еншілес және тәуелді ұйымдарға үйлестіруді қамтамасыз етеді. 

1. ғарыштық аппараттар мен ғарыштық техника бөлшектерін жобалау, құрастыру және сынау

 2. ЖҚЗ пайдалану және ЖҚЗ деректерін беру 

3. Жоғары дәлдікті ғарыштық навигацияның жерүсті инфрақұрылым жүйесін пайдалану, навигациялық қызмет ұсыну.

 

Ғарыштық іс-әрекет өнімнің ерекше жоғары деңгейін талап етеді, сондықтан ол озық технология мен шешімге бағытталған. Компанияның сапа менеджменті жүйесі халықаралық және қазақстандық стандарт талаптарына сәйкестігіне сертификатталды ( ISO 9001 и СТ РК ИСО 9001).

 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының негізінде 2007 жылы консультативтік-кеңесші орган – «Ғарыштық қызмет» стандарттау бойынша ТК 66 техникалық комитет құрылды. ТК 66 2008 жылдан бері «Авиация және ғарыштық аппараттар» СХҰ/ТК 20 Халықаралық техникалық комитет құрамына кіреді.

 

Компанияның бекітілген құрылымына сәйкес, Директорлар кеңесі компанияның ағымдағы тапсырмалар шешімін басшылығында Төраға тұратын Басқармаға өкілеттік ете отырып, компанияның жалпы қызметін басқарады. Директорлар кеңесінің міндетіне және құзырына Компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін тапсырмаларына сәйкес келетін, компанияның перспективті дамуының өзекті мәселелері бойынша шешімдер әзірлеу және қабылдау жатады. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ корпоративті басқару саясаты мен тәжірибесін ұдайы жетілдіреді. Компанияда компания құндылықтарын, сондай-ақ, оның жұмысының негізі мен сыртқы байланысын анықтайтын корпоративті басқару Кодексі жұмыс істейді.

Read more

Type of organization

1 office
251-500
2005

Company Offices

  • Kazakhstan
  • Nur-Sultan
  • Z05G9X0, Nur-Sultan, Esil district, 89 Turan ave., National Space Center